1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеке жұмыскерлер үшін міндетті медициналық сақтандыруға төлемдердің қайтарылуына байланысты жұмыс берушілерден өтініштер келіп түсуде. Көбінесе төлемдерді қайтару елдегі жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орны күндізгі бөлімінің студенттері үшін жүргізіледі.

Қорда төлемдерді қайтарудың не үшін жасалатыны және не істеу керектігі түсіндірілді.

Мемлекет халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін жарна төлейді. Бұл 11 млн-нан астам қазақстандық болып табылады. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінің студенттері осы тізбеге кіреді.

Сондықтан жұмыс берушілер студент-жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру төлемдерін төлеуден босатылады, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген студенттер де босатылады.

Дәл осы себептен жеңілдік санатындағылар үшін МӘМС жарналары мен аударымдары қайтарылады.

Егер бұдан былай студент емес қызметкер үшін төлем қайтарылған болса не істеу керек?

Студенттердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінің деректері негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қалыптастырады. Бұл тізім студенттерге жеңілдік ретінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі.

Айта кетейік, Қор азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтамайды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесіне түзетулер енгізуге құқылы емес. 2021 жылы оқуды аяқтаған азаматтарды тізімнен шығару үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментіне немесе өзінің оқу орнына жүгіну қажет.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуға байланысты, бала немесе балалар үш жасқа толғанға дейін оларды бағып-күтуге байланысты демалыстағы адамдарға қатысты жағдай сәл өзгеше.

Осы санаттағы жеңілдік алушылар кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адамдар болып табылады. Егер адам бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты тоқтатса, онда жұмыс беруші ол үшін МӘМС-ке төлемдерді аударуға міндетті.

2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ өзінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ақпараттық жүйесінде төлемдерді қабылдауға форматты-логикалық бақылау орнатқанына байланысты осы санаттағы қызметкерлер үшін МӘМС төлемдерін қайтаруға тап болды. Бірақ 2021 жылдың 14 шілдесінен бастап форматтық-логикалық бақылау алынып тасталды. Осыған байланысты, жұмыс берушілерге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты тоқтатқан қызметкерлердің пайдасына МӘМС-ке төлемдерді қайта аударуды ұсынамыз. Бұл олардың МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін сақтайды.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық сақтандыру бойынша кеңесті қорда кері байланыс арналары арқылы алуға болады: 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyrýBot, fms.kz сайты.

30.07.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу